«Болашақ»: конкурстық іріктеу үш лекпен өтеді



    • «Болашақ»: конкурстық іріктеу үш лекпен өтеді

       АЛМАТЫ. 1 маусым. Баспасөз орталығы – Құрметті «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер!

      2021 жылғы конкурстық іріктеу 3 лекпен өтеді.

      Бірінші лек маусымда өтеді – оқуы тамызда басталатын үміткерлер үшін

      Екінші лек тамызда өтеді – оқуы қыркүйектің аяғы мен қазанның басында басталатын үміткерлер үшін.

      Үшінші лек қарашада өтеді – оқуы 2022 жылғы қаңтар, наурыз және жаз айларында  басталатын үміткерлер үшін.

      Оқу мерзімінің басталуына қарай әрбір үміткер тиісті конкурстық іріктеу легіне ілігу үшін кестеде көрсетілген мерзімге дейін құжаттарын тапсыруы тиіс.

      Үміткерлерден құжат қабылдау үздіксіз 4 мамыр – 28 қазан аралығында өтеді.

      Айта кетейік, 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның 555-і магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінеді. Тағы 500 стипендияны отандық ғалымдар алады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: