Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №13



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №13

      АЛМАТЫ. 31 мамыр. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 24 – 29 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      24.05.2021

      Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №12.

      *****

      – «ҚызПУ-дың жас ғалымдары»: Нұргүл Амангелді. Нұргүл Амангелді – PhD, Жаратылыстану институты директорының ғылым және инновация жөніндегі орынбасары, Қыздар университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы.

       

      25.05.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқу орны аумағында коронавирус індетін таратпауға кепілдік беру үшін және қауіпсіздікті арттыру мақсатында «Ashyq» қосымшасын іске қосты.

      *****

      – Дебат ойындарының белсенді қатысушыларымен кездесу барысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов елімізде оқушылар мен студенттер арасындағы дебат қозғалысы қайта жанданып жатқанын және дебаттар мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналатынын атап айтты.

      *****

      – «Qazaq» республикалық газеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірлесуімен «ҚызПУ-дың танымал ғалымдары» атты танымдық медиа жоба бастау алды.

       

      26.05.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институтының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Анар Қалиева гранттық қаржыландыруға арналған республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Қажығалиеваның ғылыми жобасы республикалық конкурста үздік деп танылды.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институтының аға оқытушысы Зәуре Арғынбаева республикалық тәуелсіз қоғамдық «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды.

       

      27.05.2021

      – «40-50 жылдан соң қазақ жері шөлге айналып, еліміздің басым бөлігі қуаңшылыққа ұшырайды!» Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Келіс Жайлыбай осылай дейді. Ғалым орны толмас олқылықты жайттарға алып келетін экологиялық апаттың алдын алу үшін бірнеше шараны қолға алу қажеттігін атап өтті.

      *****

      – «Болашақ үшін жобалаймыз және зерттейміз». Осындай атаумен 2021 жылғы 15-17 маусым аралығында Халықаралық жазғы мектеп өтеді.

      *****

      – Шетелдің жетекші жоғары оқу орнында білім алуды армандайсың ба? Ендеше мақсатқа қол жеткізу оңай. Біз бүгін білімін жетілдіруге ниеттенген жастардың назарына Қазақстандағы бірнеше бағдарлама мен стипендияларды ұсынамыз.

       

      28.05.2021

      –  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми кеңесі мен ректоратының кезекті мәжілісі өтті. Оқу орнының құрылымдық бөлім басшылары, жоғары мектеп пен институттардың директорлары және кеңес мүшелері қатысқан алқалы жиынның күн тәртібінде үш негізгі және тоғыз әртүрлі мәселе қарастырылды.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Алматы» телеарнасындағы «IQ Almaty» зияткерлік жобасының 2-маусымына қатысуда. Бағдарлама 29 мамыр күні көрермен назарына ұсынылмақ.

      *****

      –  2020 жылы Қыздар университетінің электронды кітапханасы 20 ғылым саласы бойынша оқу құралдары мен XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлердің цифрлы көшірмесін жасады.

      *****

      – «ҚызПУ-дың танымал ғалымдары»: Тыныштық Ермекова. Тыныштық Ермекова – филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол – грамматика саласы бойынша республикадағы беделді мамандардың бірі. Ғалымның авторлығымен 200-ге жуық мақала жарық көрді. Жарияланымдарының басым бөлігі қазақ тіл білімінің көкейтесті мәселелеріне арналған.

       

      29.05.2021

      – Бакалаврдың магистрдан қандай айырмашылығы бар?

      *****

      – Магистратураға түсудің 10 себебі не? Біз бүгін осы туралы айтамыз. Бакалавриатта оқуды сәтті аяқтағаннан кейін көп студент магистратурада оқуын әрі қарай жалғастыру туралы ойланады. Бүгінде жас мамандардың көпшілігі білімін магистратурада тереңдетуді қалайды. Олай болса магистратурада оқудың тиімді тұстары қандай?

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: