Магистратураға түсуге 10 себеп



    • Магистратураға түсуге 10 себеп

      АЛМАТЫ. 29 мамыр. Баспасөз орталығы – Магистратураға түсудің 10 себебі не? Біз бүгін осы туралы айтамыз. Бакалавриатта оқуды сәтті аяқтағаннан кейін көп студент магистратурада оқуын әрі қарай жалғастыру туралы ойланады. Бүгінде жас мамандардың көпшілігі білімін магистратурада тереңдетуді қалайды. Олай болса магистратурада оқудың тиімді тұстары қандай?

      1. Магистратурада оқу – беделді. Ғылыми атақ кез келген адамда болмайды. Ал магистрлік – ғылыми атақ.

      2. Магистратурада Сіздің таңдаған мамандығыңыз бойынша терең әрі жан-жақты білім береді. Сәйкесінше, Сіз білікті маман болуға мүмкіндік аласыз.

      3. Магистратураны тәмамдағаннан кейін Сіз өзіңізді толыққанды маман деп сеніммен айта аласыз.

      4. Магистр дәрежесі барлардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі бакалавриатты аяқтағандарға қарағанда жоғары.

      5.  Магистрлік дипломы бар мектеп мұғалімдерінің жалақысы өзгелерге қарағанда жоғары.

      6. Оқуға түсу кезінде магистрант мүлдем басқа білім беру бағдарламасын таңдай алады.

      7. Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамалардан өту мүмкіндігі бар.

      8. 66 мыңнан астам теңге көлеміндегі шәкіртақы. Магистранттардың стипендиясы жыл сайын артып келеді.

      9. Магистратурада Сіз өзіңізді ғылыми ортада сенімді түрде жариялай аласыз. Ал магистр дипломымен Сіз ғылыми мансап құра аласыз. Магистратурада оқу – докторантураға түсуге жол ашады.

      10. Өзіңізді жоғары оқу орнының мұғалімі ретінде сынап көруге мүмкіндік пайда болады. Магистратурада оқу осындай мүмкіндікті береді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: