Бакалаврдың магистрдан қандай айырмашылығы бар?



    • Бакалаврдың магистрдан қандай айырмашылығы бар?

      АЛМАТЫ. 29 мамыр. Баспасөз орталығы – Бакалавриат – жоғары білімнің сәйкес білім беру бағдарламаларының түлектеріне ұсынылатын халықаралық бастапқы академиялық дәрежесі.

      Мектеп бітіргені туралы аттестаты бар түлектер, колледж немесе училище бітіргендер бакалавриатқа оқуға түсе алады.

      Бакалавриатта білім алу барысында студент өз мамандығы бойынша қажетті базалық білімді меңгереді және университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын бастайды.

      Сондай-ақ бакалавриат дипломымен жұмысты тек өзі елінде ғана емес, шет мемлекеттен де таба алады.

      Оқу ұзақтығы төрт жылды құрайды.

      Ал магистратура – бұл халықаралық академиялық дәреже, оны бакалавр дипломымен ғана алуға болады.

      Магистр біліктілік бойынша бакалаврдан бір саты жоғары тұрады. Бұл – басты айырмашылық.

      Магистратурада білім алу барысында студент мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін тереңдетеді. Магистратураға түскендер арасында мүлдем басқа білім бағытын таңдағандар да кездеседі.

      Жалпы бакалавриат түлегіне магистратураға түсу міндетті болмайды. 

      Алайда, маман оқытушылық немесе ғылыми қызметпен айналысқысы келсе, онда магистр дәрежесі қажет болады.

      Магистратура мен бакалавриат бір-бірін алмастырмайды, алайда, өте жақсы толықтыра алады.

      Қыздар университетінде бакалавр және магистр дәржелерін алуға барлық мүмкіндіктер бар.

      Талапкерлерге бакалавриаттың 46 және магистратураның 25 білім беру бағдарламасының кең таңдауы ұсынылады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: