Ғылыми жобасы үздік деп танылды
-
26 мамыр, 2021
АЛМАТЫ. 26 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институтының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Қажығалиеваның ғылыми жобасы республикалық конкурста үздік деп танылды.
Жоба тақырыбы – «Білім беруді цифрландыру жағдайында филолог-мұғалімдердің көптілділігін қалыптастыру».
Ғылыми жобаны жүзеге асыруға бөлінген грант құны – 5 млн теңге.
Қазіргі жаһандану, тілдердің өзара қарым-қатынасы және өзара әсері дәуірінде көптілділік мәселелері ғалымдардың назарын жиі аударуда.
– Қазақстан Республикасы – жүзден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп отырған көпұлтты мемлекет. Демократияландыруға және әлемдік кеңістікке табысты кіруге бағытталған көптілді қазақстандық қоғам, еліміздің этнотілдік ландшафтының қалыптасу тарихы – осының барлығы өзгермелі қоғам жағдайында тілдердің өзара қарым-қатынасы проблематикасын айтарлықтай өзектендіреді, – дейді ғалым.
Осы орайда аталған жоба оқу процесін тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін айқындауға септігін тигізбек.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: