АЛМАТЫ. 22 мамыр. Баспасөз орталығы – Қос дипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не? Қос диплом – бұл Қыздар университетінің шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламасы.  Оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және халықаралық үлгідегі екі диплом беріледі.

Бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіледі.

 

Серіктестеріміз:

• Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, (АҚШ);

• Катовицедегі Силезия университеті, (Польша);

• Томск политехникалық университеті, (Ресей);

• Нийде Омер Халисдемир Университеті, (Түркия);

• Халықаралық Батыс Лондон колледжі, (Ұлыбритания).

 

Мамандықтар (бакалавриат):

• АҚШ

- 6В01705 – Шет тілі: екі шет тілі

-  6В01101 – Педагогика және психология

- 6В10201 – Әлеуметтік жұмыс

- 6B01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

- 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

 

• Польша

- 6В01705 – Шет тілі: екі шет тілі

 

Мамандықтар (магистратура):

• АҚШ

- 7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу

- 7M01503 – Математика

- 7M01502 – Биология

- 7M01505 – Информатика

- 7M01101 – Педагогика және психология

 

• Ресей

- 7М05302 – Физика

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com