137 балл жинаған түлек ұстаздық жолды таңдады
-
21 мамыр, 2021
АЛМАТЫ. 21 мамыр. Баспасөз орталығы – Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары балл жинаған Дильназ Алматқызы ұстаздық жолды таңдап отыр. Ол Қызылорда қаласындағы Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің оқушысы. Педагог болуға талпынысы ерекше түлек тестілеуге екі мәрте қатысып, алғашқысында – 134, екінші рет 137 балл алған.
– Ұстаз болуды жаныма жақын тұтамын. Білген біліміңді балаларға үйрету деген керемет қой, маңызды миссия әрі ерекше жұмыс деп ойлаймын. Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін, – дейді Дильназ.
Дильназ биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу әр түлекке ерекше мүмкіндік сыйлап, сонымен бірге сынақ әділ әрі ерекше өтіп жатқанын ерекше атап өтті.
Ұстаз болуды мақсат тұтқан дарынды түлекке өз таңдауын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жасауын ұсынамыз!
Бізбен бірге жарқын болашаққа қадам бас, Дильназ!
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: