Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №10



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №10

      АЛМАТЫ. 11 мамыр. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 2 – 7 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      02.05.2021

      – Педагог мәртебесі туралы заң қабылданғалы қандай өзгерістер болып жатыр? Аталған заң педагог кадрларын дайындайтын ЖОО-ға қалай әсер етті? Президент Жолдауында айтылған ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмалар қалай орындалып жатыр? Жоғары оқу орындарының баспасөз қызметі не нәрсеге басымдық беруі тиіс? Осы және басқа да мәселелер бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан отандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбат барысында айтып берді.

       

      05.05.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерінің назарына! 18 мамыр күні сағат 16:00 және 17:00-де «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқали оқу орнының білім алушыларымен кездесу өткізеді. Zoom желісінде ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті жұмысты еңбекпен өтеуін қадағалау мен оған бақылауды қамтамасыз ету.

       

      06.05.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ профессор-оқытушы «Алғыс хатпен» марапатталды.

      *****

      – Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының 2020 жылғы үшінші тоқсандағы рейтингісі жарияланды.

      *****

      – Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының 2020 жылғы төртінші тоқсандағы рейтингісі жарияланды.

       

      07.05.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев «Qazaq» республикалық газетіне сұхбат берді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: