Ғылыми-зерттеу бойынша төртінші тоқсандағы үздіктер



    • Ғылыми-зерттеу бойынша төртінші тоқсандағы үздіктер

      АЛМАТЫ. 6 мамыр. Баспасөз орталығы – Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының 2020 жылғы төртінші тоқсандағы рейтингісі жарияланды.

      2020 жылғы IV тоқсан бойынша үздіктер:

      • 1-орын – Филология институты;

      • 2-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі;

      • 3-орын – Жаратылыстану институты.

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: