Университеттің 10 үздік оқытушысы анықталды



    • Университеттің 10 үздік оқытушысы анықталды

      АЛМАТЫ. 6 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ профессор-оқытушы «Алғыс хатпен» марапатталды.

      Университеттің 10 үздік оқытушысы:

      • Ақгүл Жұбандықова;

      • Назбек Қатаев;

      • Гүлназ Салғараева;

      • Ғибадат Орынханова;

      • Амангүл Қоқожаева;

      • Тыныштық Ермекова;

      • Роза Набуова;

      • Болат Жиембаев;

      • Анар Қалиева;

      • Гүлбану Қаптағай.

      Айта кетейік, үздік атанған оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша әр тоқсан сайын жүргізілген рейтингте көш бастап, үздік атанды.

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: