Физика кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу



    • Физика кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу

      Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебі

      Физика кафедрасы

      Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті Әдістемелік бөлімінің ұйымдастырыумен 15.02.2021 жылы өткен Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің деканы, бағдарлама көшбасшылары, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер жұмыс берушілермен, атап айтқанда Алматы қаласындағы төмендегі көрсетілген мектептер мен ұйымдар: «№74 орта мектеп», «Абай атындағы №2 орта мектебі», «№18 жалпы білім беретін мектеп», «№110 "мектеп-гимназия" муниципалдық қазыналық мекемесі», «№42 орта мектеп» АйСаф жеке кыздар мектебі өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында 6В01504-Физика, 6В01505-Физика-Информатика, 6В01513-Физика-Электроника білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны жан жақты талқыланып, жұмыс берушілер аталған білім беру бағдарламаларында қандай жалпы, жалпы-кәсіби және кәсіби құзыреттіліктердің болу керектігін, болашақта қандай мамандарды күтетіні туралы ұсыныстарын айтып өтті. 6В01504-Физика, 6В01513-Физика-Электроника білім беру бағдарламаларындағы Минорға ұсынылған пәндердің ішінен, болашақ маманның еңбек нарығында артықшылығын артыратын пәндер тізімі анықталды. 6В01505-Физика-Информатика қос бейінді білім беру бағдарламасында қандай пәндердің басым болу керектігі де талқыланды.

       

       
      Бөлісу: