Музыка кафедрасының бітіруші түлектерді жұмыспен қамту
-
29 қараша, 2020
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БАСТЫ МАҚСАТ
Өнер және менеджмент институты, Музыка кафедрасының ұйымдастыруымен бітіруші түлектерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге № 185 гимназия директоры Егеубай Алдоңғар, Назарбаев интелектуалды мектебінің педагогика ғылымының магистрі Ажгереева Қаламқас, №167 жалпы білім беретін мектептің орынбасарлары және музыка пәні мұғалімі Омарова Салиха қатысты.
Кездесу кезінде студенттерге мектеп жайлы мол мағлұматтар беріліп, студенттер толғандырған сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтар студенттердің оқуына табыс және болашақта жұмысқа орналасуына тілек білдіріп, келешектегі кәсіптік қызметтегі білімдері мен дағдыларын жетілдіруге тілек білдіріп және өз мектептеріне жұмысқа тұруға шақырды.
Бөлісу: