Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу



    • Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу

      Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

      10.03.2021 ж Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің «Педагогика және психология» жоғары мектебі бойынша декан, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер,  яғни «Дана»  жекеменшік білім беру ЖШС-нің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» және «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламалары егжей-тегжейлі талқыланып, жұмыс берушілер болашақ мамандардың бойында қандай негізгі құзыреттіліктердің болуын қалайтындарын және БББ-да қандай практикаға, өндіріске негізделген пәндерді көргілері келетіні жайында ұсыныстары жасалды. Сонымен қатар, қосымша минордың да пәндері талқыланып, қосарланған БББ-дың да болуын айтып, өзекті мәселелер қарастырылды. Университет, жұмыс берушілермен етене жұмыс жасап, БББ-ның мазмұнын жаңартып,  сапасын жоғарылатуды көздеген. Жалпы орта білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие (бала-бақша) аясында тәжірибелері мол «Дана» мектебімен тығызбайланыс орнатып, алдағы уақытта мазмұнды, бәсекеге қабілетті БББ дайындап, қазіргі нарыққа сай мамандардың университет қабырғасынан шығаратынымызға сеніміміз мол!

       
       
      Бөлісу: