Тарих және шетел тілдері институты жұмыс берушілермен кездесу
-
28 қазан, 2020
Тарих кафедрасы, шетел тілдерін оқыту әдістемесі, қоғамдық - гуманитарлық пәндер кафедрасы
02.03.2021 ж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің «Тарих және шетел тілдері »институты бойынша директор, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер, яғни Алматы қаласындағы төмендегі көрсетілген мектептер мен ұйымдар: «№15 мектеп гимназия», «№59 мектеп гимназия», «№21 мектеп гимназия», «№172 мектеп гимназия», «№119мектеп -лицей», «№120 мектеп гимназия», АйСаф жеке кыздар мектебі, ЖК - Advance инженерлік аударма бюросы, «Алматы қаласы, Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының Парасат әлеуметтік қызмет орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі», «Алматы қаласы Қоғамдық даму департаментінің Мониторинг және талдау орталығы», өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында 6В01601 – Тарих, 6В01602-Тарих-Дінтану, 6В02201- Тарих, 6В01705 - Шетел тілі: екі шетел тілі, 6В11401-Әлеуметтік жұмыс. , 6В03101-Әлеуметтану, 6В02301 - Аударма ісі білім беру бағдарламалары егжей-тегжейлі талқыланып, жұмыс берушілер болашақ мамандардың бойында қандай негізгі құзыреттіліктердің болуын қалайтындарын және БББ-да қандай практикаға, өндіріске негізделген пәндерді көргілері келетіні жайында ұсыныстары жасалды.
Сонымен қатар, қосымша минордың да пәндері талқыланып, қосарланған БББ-дың да болуын айтып, өзекті мәселелер қарастырылды. Университет, жұмыс берушілермен етене жұмыс жасап, БББ-ның мазмұнын жаңартып, сапасын жоғарылатуды көздеген. Мектебтермен тығыз байланыс орнатып, алдағы уақытта мазмұнды, бәсекеге қабілетті БББ дайындап, қазіргі нарыққа сай мамандардың университет қабырғасынан шығаратынымызға сеніміміз мол!
Бөлісу: