Қашықтан білім беру туралы не білеміз?



    • Қашықтан білім беру туралы не білеміз?

      АЛМАТЫ. 1 наурыз. Баспасөз орталығы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2012 жылдан бастап қашықтан оқыту технологиясын қолданып келеді.  Бұл білім алушыларға жұмысын үзбей, шектеусіз және ыңғайлы режимде қажетті мамандық бойынша оқу бағдарламасын игеруге мүмкіндік береді.

      Университет үнемі курстардың мазмұны мен платформасын жетілдіріп отырады. 

      Қашықтан білім алушыларға жетекші оқытушылар таңдап даярлаған видео аудио графикалық материалдар қолданылады. Осылайша студенттерге кез келген жағдайда: кептелістерде, кезектерде, жолда, шаршаған кезде ақпаратты қабылдауға және есте сақтауға ыңғайлы.

      http://dl.kazmkpu.kz/ қашықтықтан оқыту порталы оқу процесін ұйымдастыруды өз мойнына алады, студенттер тек оқумен айналысады.

      Қыздар университетіндегі қашықтан білім беру бойынша толық білгіңіз келсе мына сілтемеге өтіңіз: https://kazmkpu.kz/kz/distantsionnoe-obuchenie

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

                                                                                                                                                                                

      Бөлісу: