Республикалық әдістемелік семинар өтті
-
01 наурыз, 2021
АЛМАТЫ. 1 наурыз. Баспасөз орталығы – «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу: мәселелер және оны шешу жолдары». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде республикалық әдістемелік семинар өтті.
Алқалы басқосуға педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары, еліміздегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен қызметкерлері қатысып, тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті.
Жиынды Педагогика және психология жоғары мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлжан Оразаева ашып, бүгінгі күнде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері арасында диалог жүргізу маңызды болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол қазіргі күндегі білім берудегі өзгерістер қазіргі заманғы маманның жаңа талаптарын айтты.
Жиын барысында Алматы қаласындағы Әди Шәріпов атындағы №16 мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Келбет Қабдрашитова «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің қашықтан білім берудегі мектептегі жұмыс тәжірибесі»,Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы «Жарсу» орта мектебінің мұғалімі Гүлбаршын Сатиева «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жобалық іс-әрекетті қашықтан ұйымдастыру» тақырыптарында баяндама жасады.
Сонымен қатар басқосуға қатысушылар «Өзін-өзі тану» сабақтарындағы шығармашылық жұмыс», «Тұлға қалыптастыруда қашықтан білім берудегі проблемаларды шешу жолдары», «Қашықтан оқыту барысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ерекшеліктері», «Қашықтан оқыту кезеңінде өзін-өзі тану сабақтарын сапалы өткізуді ұйымдастыру» тақырыптары төңірегінде келелі ойларымен бөлісті.
Қыздар университеті колледжінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Елдос Айдарханов қашықтан оқыту жағдайында рухани адамгершілік білім беру бағытындағы тиімді әдістер турасында әңгімелеп,өзін-өзі тану сабағын тиімді жүргізудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: