Қыздар университеті Алғыс айту күнін атап өтті
-
01 наурыз, 2021
АЛМАТЫ. 1 наурыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алғыс айту күні кеңінен аталып өтті. Оқу орнында «Достықтың ғажап елі, Барша жұрт риза саған, Қазақ елі!» жалпы атауымен бірнеше игілікті шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, оқу орнының белсенді білімгерлері университет ұжымына ұлағат ұясының дамуына қосқан зор үлесі мен белсенді қызметі үшін ризашылық білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
– Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытуды көздейді. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтейтін, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдайтын күн. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен адамгершілік сынды рухани дәстүрлер күні, – деп атап өтті университет студенттері.
Айта кетейік, Алғыс айту күні – «Мәңгілік ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытуды көздейді. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтейтін, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдайтын күн. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен адамгершілік сынды рухани дәстүрлер күні.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: