Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?



    • Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

      АЛМАТЫ. 25 ақпан. Баспасөз орталығы – Студенттің академиялық ұтқырлығы – білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.

      Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты:

      Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?

      Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.

      Толығырақ: https://kazmkpu.kz/kz/akademicheskaya-mobilnost

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: