Педагогтардың республикалық жиыны өтеді
-
24 ақпан, 2021
АЛМАТЫ. 24 ақпан. Баспасөз орталығы – «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда қандай жаңашылдықтар бар? Бұл тарапта туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары қандай? Қашықтан білім беру кезінде аталған пәнді оқытуды қалай ұйымдастырамыз? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатында 25 ақпан күні Қыздар университетінде республикалық семинар өтеді.
Онлайн режімде ұйымдастырылатын басқосуға педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады.
Шара барысында мамандар «Қашықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында өзара тәжірибе алмаспақ.
Семинар Zoom платформасында өтеді.
Идентификациялық нөмірі: 728 802 84 00.
Кіру коды: 676 698.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: