ҚызПУ-да халықаралық форум өтті
-
23 ақпан, 2021
АЛМАТЫ. 23 ақпан. Баспасөз орталығы – Пандемия жағдайындағы білім беру жүйесінің болашағы қандай болмақ? Нақты ұсыныстар бар ма? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеу мақсатында Қыздар университетінде халықаралық форум өтті.
Онлайн режімде ұйымдастырылған алқалы жиынға АҚШ, Түркия, Польша, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Халықаралық білім күніне орай ұйымдастырылған басқосу барысында коронавирус індетінің әлемдегі білім беру процесіне әсері зерделеніп, пандемия кезінде туындаған проблемалардан алған тәжірибелер талқыланды. Сондай-ақ COVID-19-дан кейінгі білім берудің бағытын өзгертуге ұсынылған сценарийлер мен стратегиялар назарға алынды.
Форум соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Оны мына жерден жүктеуге болады.
Форум аясындағы баяндамалардың электрондық жинағы алдағы уақытта www.kazmkpu.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады.
Баяндамаға қойылған талаптарға сәйкес келмейтін немесе плагиат белгілері анықталған материалдар қаралмайды және жинаққа енбейді.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: