Студенттер жалпы қалалық сенбілікке қатысты
-
14 қазан, 2025
2025 жылдың 11 қазанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің белсенді студенттері Наурызбай ауданы аумағында өткен жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Ауқымды экологиялық шараның мақсаты – қалалық аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, айналаны көркейту, сондай-ақ жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоғам өміріне белсенді араласуға ынталандыру болды.
Сенбілікке университеттің барлық факультеттерінен ерікті студенттер қатысып, көшелерді тазалап, ағаштардың айналасын қоқыстан арылтты. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтірілді.
Мұндай шаралар жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың азаматтық және экологиялық белсенділігін нығайтады. Қыздар университеті ұжымы бұл бағыттағы игі бастамаларды үнемі қолдап, студенттерге патриоттық және экологиялық тәрбие беруге ерекше көңіл бөледі.
Бөлісу: