«Универіңді таны!» жобасы: «Ақтұмар» музейі
-
16 ақпан, 2021
АЛМАТЫ. 16 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі 2002 жылдың қараша айында құрылды.
Музей қорында оқу орны ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлер мен сирек фотосуреттер бар. Атап айтқанда, Қыздар Университетінің қалыптасуы, дамуында еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ректорлардың еңбектері, білім ордасының даңқты түлектері туралы ақпарат берілген.
Сондай-ақ қор экспозициясында қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы қазақ әйелінің рөлі – көне заманнан қазіргі заманға дейін тыныс-тіршілігі көрсетілген.
Музей «Аналар ұлағаты – елге аманат», «Университет тарихы», «Әйел әлемі» этно-коллекциясы», «Әйелдер шығармашылығы» және «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» атты бөлімдерден тұрады.
Кешен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дәстүрлі, мәдени-рухани құндылықтар арқылы студент жастарға елінің тарихын, тілін және көп ұлтты Қазақстанның тарихын құрметтеу қасиеттерін қалыптастыру мақсатында қызмет атқарады.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: