QyzPU құрамасы – супер кубок чемпионы!



    • QyzPU құрамасы – супер кубок чемпионы!

      2025 жылдың 8-9 қазан күндері Назарбаев университетінде университеттер арасындағы футзалдан студент қыздар арасында республикалық лигаға қатысқан 4 үздік команда арасында өткен супер кубок өтті.

      QyzPU командасы жеребе бойынша Назарбаев университетімен жарыста да, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетімен додада да 4-1 есебімен жеңіске жетті. 2 турнирдің қосындысы бойынша QyzPU командасы чемпион атанды.

      Номинациялар бойынша QyzPU «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Жанель Таласбаева «Үздік сұрмерген» атанса, команда жаттықтырушысы Ибрагим Бисариев «Үздік бас бапкер» номинациясын жеңіп алды.

      Бұл жеңіс – QyzPU-дың спорттағы жоғары әлеуетінің, команда рухының және білім мен ерік-жігердің жеңісі.

      Бөлісу: