Сенім мен түсіністікке бастар жол: психолог студенттерге тренинг өткізді
-
10 қазан, 2025
![Сенім мен түсіністікке бастар жол: психолог студенттерге тренинг өткізді]()
2025 жылғы 10 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №7 студенттер үйінде «Сенім мен түсіністікке бастар жол» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Назерке Есенаманқызы жүргізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің қарым-қатынас мәдениетін дамыту, өзара түсіністік пен қолдау қабілетін арттыру, сондай-ақ эмоционалды тұрақтылық пен ішкі үйлесімділікті қалыптастыру болды.
Шара барысында қатысушылар сенімге негізделген қарым-қатынастың мәнін түсініп, түрлі психологиялық ойындар мен тәжірибелік жаттығулар орындады. Психолог тиімді коммуникация орнату, эмоцияларды басқару және тыңдай білу сияқты маңызды дағдыларды жетілдіруге бағытталған кеңестермен бөлісті.
Жылы әрі ашық атмосферада өткен тренинг студенттерге өз сезімдерін еркін жеткізіп, бір-бірін түсінудің жаңа қырларын тануға мүмкіндік берді. Қатысушылар өзара сенім мен менталды тепе-теңдіктің өмір сапасын жақсартудағы маңызды рөлін атап өтті.
Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асырылды.
Бөлісу:


