«Бір толқында: байланыс пен сенім» – студенттердің менталды саулығын нығайтуға бағытталған тренинг өтті



    • «Бір толқында: байланыс пен сенім» – студенттердің менталды саулығын нығайтуға бағытталған тренинг өтті

      2025 жылғы 8 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №2 студенттер үйінде Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологтары Ақбота Төлеуғалиева мен Назерке Есенаманқызы «Бір толқында: байланыс пен сенім» атты тренинг өткізді.

      Шараның басты мақсаты – студенттер арасында өзара сенім мен түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнату, эмоционалды тепе-теңдікті сақтау және менталды тұрақтылықты дамыту болды.

      Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық ойындар мен жаттығулар арқылы тиімді коммуникация құру, өз сезімдерін ашық білдіру және тыңдай білу мәдениетін үйренді. Сонымен қатар, мамандар студенттердің өзін-өзі тану және эмоцияларын басқару қабілеттерін жетілдіруге бағытталған практикалық тапсырмалар ұсынды.

      Психологтардың пікірінше, мұндай тренингтер жастардың ішкі үйлесімін сақтап, әлеуметтік ортада сенімді әрекет етуіне сеп болады.

      Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» бағыты аясында жүзеге асып келеді.

      QyzPU студенттерінің психологиялық саулығын нығайтуға арналған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

       

      Бөлісу: