PhD докторанттарға арналған интенсивті ғылыми семинарлар сериясы жалғасуда



    • PhD докторанттарға арналған интенсивті ғылыми семинарлар сериясы жалғасуда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде PhD докторанттарға арналған интенсивті курстар аясында университеттің Ғылыми кітапханасының директоры Әсем Өтеген «Әлемдік цифрлық кітапханаларды ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану артықшылықтары: QyzPU мысалында» тақырыбында воркшоп өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – жас зерттеушілердің халықаралық ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу құзыреттілігін арттыру және зерттеу сапасын жақсарту. Воркшоп барысында докторанттар EBSCO, ProQuest және басқа да жетекші халықаралық деректер қорларымен жұмыс істеудің тиімді тәсілдерімен танысты.

      Сонымен қатар қатысушылар заманауи ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің маңыздылығын, ғылыми ізденістерде цифрлық кітапханаларды пайдаланудың артықшылықтарын талқылады. Сарапшының айтуынша, мұндай ресурстар зерттеу нәтижелерінің сапасын арттыруға және халықаралық деңгейде ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

      Аталған шара университетте өтіп жатқан «PhD докторанттарға арналған интенсивті ғылыми семинарлар сериясының» бір бөлігі болып табылады.

      Бөлісу: