Ұстаздық – ұлы өнер



    • Ұстаздық – ұлы өнер

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының бітіруші курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұстаздық – ұлы өнер» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

      Шараның басты мақсаты – ұстаздық мамандықтың мәртебесін дәріптеу, жас мамандардың шығармашылық әлеуетін таныту және олардың кәсіби ынтасын арттыру болды.

      Салтанатты кеш кафедраның бағдарлама көшбасшысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жұбандықова Ақгүл Мұрзалиевнаның құттықтау сөзімен ашылды. Ол студенттерге ұстаздық жолда табыс тілеп, бұл мамандықтың қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.

      Концерттік бағдарлама барысында болашақ тәрбиешілер ән мен биден шашу шашып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Студенттердің өнері мен шығармашылық қабілеті ұстаздық мамандықтың рухани байлығын тағы бір мәрте айқындай түсті.

      Іс-шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, жылы эмоциялар мен әсерлі сәттерге толы кеш ретінде есте қалды.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дәстүріне айналған мұндай шаралар студенттердің тұлғалық дамуына, кәсіби бағыттылығына және шығармашылық белсенділігіне серпін береді.

      Бөлісу: