QyzPU, Сассекс және Бұхара университеттері инклюзивті білім беру жобасы бойынша Британдық Кеңес грантын иеленді
-
06 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Сассекс университеті (Ұлыбритания) және Бұхара педагогикалық университетімен (Өзбекстан) бірлесе отырып, «Орталық Азияда инклюзивті ағылшын тілін оқытудың болашақ көшбасшыларын даярлау» атты жоба бойынша Британдық Кеңестің гранттық қаржыландыруын жеңіп алды.
Аталған жоба 2025–2026 оқу жылдары жүзеге асырылады. Оның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдеріндегі ағылшын тілі мұғалімдерінің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыру.
Жоба аясында университет оқытушылары Британдық Кеңес мамандары ұйымдастыратын онлайн кәсіби даму семинарларына қатысып, тәжірибесін жетілдіреді. Сонымен қатар, Сассекс университетінің профессорларымен бірлесіп, Бұхара педагогикалық университетінде практикалық воркшоптар өткізу жоспарланған.
Бұл серіктестік үш жоғары оқу орны арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, аймақтағы ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға және инклюзивті білім беруді дамытуға елеулі үлес қосады.
Бөлісу: