Ұстазға мың алғыс!
-
06 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұстазға мың алғыс!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты – ұстаздарға деген құрмет пен алғыс сезімін білдіру, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және студенттерді ұстаздық жолға ынталандыру.
Іс-шараға Педагогика және психология институтының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Исаева Лаура Тлеужановна, кафедраның бағдарламалық жетекшісі, профессор міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жұбандықова Ақгүл Мұрзалиевна, сондай-ақ мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу кафедрасының ұстаздары мен 1-курс студенттері қатысты.
Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлерге, қызықты ойындарға, әсерлі көріністерге толы болды. Студенттер ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – студенттердің дайындаған көрінісі болды. Онда олар ұстаздардың қоғамдағы рөлін, жауапкершілігі мен еңбектегі қиындықтарын шынайы түрде бейнелеп көрсетті. Бұл көрініс залда отырған барлық көрерменнің жүрегіне жылылық пен ризашылық сезімін ұялатты.
Бұл әсерлі мереке ұстаздар мен студенттердің арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, жылы көңіл-күй мен рухани шабыт сыйлады.
Бөлісу: