QyzPU өкілдері Astana Open Dialogue форумына қатысты



    • QyzPU өкілдері Astana Open Dialogue форумына қатысты

      Астана қаласында Astana Open Dialogue III халықаралық форумы өтті. Биылғы басқосу «Қазақстан E-gov-тен AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?» тақырыбында ұйымдастырылып, мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне арналды.

      Ауқымды шараға мемлекеттік органдар, бизнес және білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Форумда цифрлық даму, жасанды интеллектінің мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудегі рөлі, қауіпсіздігі мен тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар «AI-дің еңбек нарығына әсері: әлеуметтік тәуекелдер мен бейімделу стратегиялары» атты сессия өтіп, жаңа технологиялардың жұмыс күшіне ықпалы, мамандықтар трансформациясы және қоғамның бейімделу тетіктері қарастырылды.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті атынан форумға Цифрлық офицер Картбаев Тимур Саатдинович пен Цифрлық даму департаментінің директоры Модовов Нурбол Алимбаевич қатысты. QyzPU өкілдері университеттің цифрландыру саласын жетілдіруге бағытталған жаңа идеялармен және инновациялық тәжірибелермен танысты.

      Astana Open Dialogue алаңы цифрлық жаңғыру бағытындағы жаңа бастамалармен танысуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды диалог алаңы болып отыр.

      Бөлісу: