QyzPU мен Шэньси ғылым және технология университеті халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
-
03 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қытай Халық Республикасының Шэньси ғылым және технология университеті (Shaanxi University of Science and Technology, SUST) өкілдерімен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасып, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық серіктестік бағыттары сөз болып, жаңа мүмкіндіктер қарастырылды.
Кездесуге университеттің Халықаралық бөлім басшысы Салтанат Джакубаева және институт директорлары қатысты. SUST делегациясын профессор Лин Хэ мен постдокторант Сюе Сюй таныстырды. Қонақтар QyzPU кампусын аралап, университет мұражайын тамашалады.
Бұл кездесу екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қаламақ.
Бөлісу: