Кәсіби білім беру колледжінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті



    • Кәсіби білім беру колледжінде Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Кәсіби білім беру колледжінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

      Салтанатты кеш ұстаздарға арналған жүрекжарды лебіздермен ашылып, колледж директоры Ақбөпе Қарабаева құттықтау сөз сөйледі. Бағдарлама барысында студенттер ұстаздарға арнап ән шырқады, би биледі, әсерлі көріністер қойып, түрлі ойындар мен интерактивті сұрақтар арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлады.

      Сонымен қатар ұстаздар арасында қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Концерттің шарықтау шегінде студенттер ұстаздарға арнап хор орындалды.

      Мерекелік шара ұстаздар қауымына деген алғыс пен құрметтің айқын көрінісі болды.

      Бөлісу: