Студенттер Түркиядағы оқу бағдарламаларымен танысты
-
03 қазан, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен Түркияның мемлекеттік жоғары оқу орны Anadolu University өкілдері студенттермен кездесті.
«Anadolu University: Opportunities for International Collaboration and Student Mobility» тақырыбындағы дәрістің мақсаты – жастарды Түркиядағы оқу бағдарламаларымен таныстыру, халықаралық серіктестікті нығайту және көптілді ортада тәжірибе қалыптастыру болды.
Дәрісті PhD, Dr. Emel Akay (ағылшын тілі оқытушысы) мен Dilek Öztürk (әкімшілік басқару қызметкері) жүргізді. Кездесуге Филология институтының директоры, QyzPU-дағы волонтер-оқытушы Neslihan Delice, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қатысты.
Іс-шара университеттің халықаралық серіктестігін кеңейтуге, QS рейтинг көрсеткіштері аясында интернационалдандыру бағытын дамытуға және студенттердің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.
Бөлісу: