Студенттер салауатты өмір салты туралы дәрігерлерден кеңес алды
-
02 қазан, 2025
2025 жылғы 2 қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №6 студенттер үйінде медицина қызметкерлері студент жастармен кездесу өткізді.
Шараға жалпы практика дәрігері Тасилова Гүлнұр Арзанбекқызы және медбике Майданбекова Мадина қатысып, студенттерге денсаулықты сақтау мен өмір салтын жақсартудың маңызды қырларын түсіндірді.
Кездесу барысында дұрыс тамақтанудың пайдасы, ұйқы мен күн тәртібінің маңызы, жеке тазалық ережелері, созылмалы аурулардың алдын алу тәсілдері және күзгі-қысқы маусымдағы жұқпалы дерттерден сақтану жолдары кеңінен сөз болды. Студенттер белсенділік танытып, өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» бағытына сәйкес жүзеге асырылып, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал етуде.
Бөлісу: