Университетте PhD Talk аясында Гарвард түлегі тәжірибесімен бөлісті



    • Университетте PhD Talk аясында Гарвард түлегі тәжірибесімен бөлісті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен PhD Talk кездесуі ғылымға қызығушылығы бар жастарға тың серпін берді.

      Шараға Гарвард университетінің түлегі Derreck Langwith арнайы шақырылып, ол мотивациялық хатты әсерлі әрі сенімді жазудың қыр-сырымен бөлісті. Қонақтың тәжірибесі мен кеңестері жас ғалымдарға кәсіби дамудың жаңа жолдарын көрсетіп, магистранттар мен докторанттарға бағыт-бағдар болды.

      Кездесу барысында университеттің оқытушысы Ибрагимова Әйгерім Нұрланқызы халықаралық ғылыми тәжірибе алмасудың мүмкіндіктері жөнінде баяндама жасап, академиялық ұтқырлық пен шетелдік серіктестік байланыстардың болашағына тоқталды.

      PhD Talk жобасы жас ғалымдарға қолдау көрсетуді, олардың зерттеушілік әлеуетін арттыруды, сондай-ақ халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланысын нығайтуды көздейді.

      Бөлісу: