Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ұстаздар күні аталып өтті



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ұстаздар күні аталып өтті

      2025 жылғы 2 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде дәстүрлі Ұстаздар күніне арналған «Мың алғыс саған – Ұстазым» атты мерекелік шара өтті.

      Мерекелік жиынның басты мақсаты – ұстаздардың қажырлы еңбегін құрметтеу, білім беру саласындағы олардың рөлін айшықтау және жас ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз маңыздылығын насихаттау болды.

      Іс-шарада университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Сәбит Суатай ұстаздарға жүрекжарды алғысын білдіріп, олардың еңбегінің қоғамдағы ерекше орнына тоқталды. Ол соңғы жылдары университет қол жеткізген жетістіктерді атап өтіп, бұл табыстардың артында ұстаздардың адал қызметі тұрғанын ерекше атап өтті.

      Сондай-ақ Сәбит Құрманжанұлы  Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасын, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің марапаттарын, сондай-ақ «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін ұстаздарға табыстады.

      Мерекелік шара аясында Жастар саясаты орталығы ұйымдастырған концерттік бағдарлама ұсынылды. Студенттер мен қызметкерлер ұстаздарға арнап ән шырқады, би биледі, театрландырылған көріністер қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

      «Мың алғыс саған – Ұстазым» атты іс-шара ұстаздар қауымына құрмет көрсетумен қатар, университет ұжымы мен студенттері арасындағы бірлік пен сыйластықтың айқын көрінісіне айналды. Бұл мереке білім беру саласын дамытуға және педагог мәртебесін арттыруға қосылған зор үлес ретінде ерекше маңызға ие болды.

       

      Бөлісу: