Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді



    • Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

      2 қазан күні Университет Әкімшілігі мен Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Халықаралық қариялар күні мен Ұстаздар мерекесіне орай оқу орнында жұмыс істейтін ардагерлерге дәстүрлі шара өтті.

      Шараның негізгі мақсаты – өмірін білім саласына арнап, жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға құрмет көрсету.

      Мерекелік жиында жылы лебіздер айтылып, қызметкерлердің еңбегі ерекше атап өтілді. Ән мен күймен өрнектелген дастарқан ардагерлердің көңілін көтеріп, қонақтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

      Бөлісу: