Денсаулық – басты байлық: студенттер мен дәрігерлердің кездесуі



    • Денсаулық – басты байлық: студенттер мен дәрігерлердің кездесуі

      2025 жылғы 1 қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №1 студенттер үйінде медицина саласының мамандары студенттермен кездесті.

      Шараға жалпы практика дәрігері Жаннұр Амангелдиева, сондай-ақ медбикелер Құралай Дүйсекеева мен Айман Алдибекова қатысып, жастарға денсаулықты сақтау жөнінде кеңестер берді. Мамандар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, жеке гигиена, созылмалы аурулардың алдын алу және маусымдық инфекциялардан қорғану тәсілдері туралы ақпаратпен бөлісті.

      Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды. Мұндай шаралар жастардың медициналық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

      Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 3 "Денсаулық және амандық" бағытына сәйкес жүзеге асырылуда. Аталған бағыт әрбір адамның денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және өмір сапасын арттыруға бағытталған.

      Бөлісу: