Ұстаз – цифрлық қоғамның шамшырағы



    • Ұстаз – цифрлық қоғамның шамшырағы

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – цифрлық қоғамның шамшырағы» атты мерекелік шара өтті.

      Салтанатты жиынның ашылуында Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Еркын Жуманқулова мен институт директоры Бахытжан Сапаров құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

      Шара қонақтары қатарында ALT университеті Әскери істер институтының бастығы, запастағы полковник Ерназар Ишанов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерге арнайы төсбелгі табыстады.

      Сонымен қатар институттың белсенді оқытушылары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, белсенді студенттер «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының Алғыс хатына ие болды.

      Мерекелік кеш ұстаздарға деген ілтипат пен құрметтің айқын көрінісіне айналды.

       

      Бөлісу: