QyzPU мен Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті ынтымақтастықты нығайтуда



    • QyzPU мен Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті ынтымақтастықты нығайтуда

      2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Сәбит Суатай және Стратегиялық даму департаментінің директоры Нұрболат Құдайбергенов Баку қаласына ресми сапармен барып, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетіне университет ректоры Джафар Джафаровтың шақыруымен кездесу өткізді.

      Кездесу барысында тараптар ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибе алмасуы және студенттердің академиялық мобильдігі мәселелерін талқылады. Сәбит Құрманжанұлы мен Джафар Джафаров кездесудің соңында естелік сыйлықтармен алмасып, университет кампусымен танысты. Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры университеттің жетістіктері мен негізгі білім беру жобалары жайлы ақпарат берді.

      Бұл ресми сапар екі университет арасындағы көпжылдық мықты байланыстарды одан әрі нығайтып, педагогикалық жоғары білім саласында жаңа жобалар мен тәжірибе алмасуға жол ашты.

      Бөлісу: