Жастардың денсаулығы – білім мен жетістік кепілі



    • Жастардың денсаулығы – білім мен жетістік кепілі

      QyzPU Кәсіби білім беру колледжінде 1 курс студенттеріне арналған менталды және физикалық саулықты қолдау тақырыбында маңызды кездесу өтті.

      Кездесудің  мақсаты – жастардың менталды және физикалық саулығын қолдау арқылы олардың оқу жетістіктері мен өмірлік белсенділігін арттыру.

      Іс-шараға Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Ақбота Нұрланқызы Төлеуғалиева қатысып, орталықтың негізгі қызмет бағыттары, студенттерге көрсетілетін психологиялық қолдау түрлері жөнінде баяндады. Ол менталды саулықтың оқу жетістігіне және әлеуметтік бейімделуге тигізетін оң әсері туралы айтты. 

      Сонымен қатар Жалпы тәжірибелі дәрігер Айман Максетовна Тулегенова жастардың физикалық саулығын нығайту мәселесіне тоқталып, дұрыс тамақтанудың, салауатты өмір салтының артықшылықтары мен аурулардың алдын алу жолдары туралы құнды ақпарат ұсынды.

      Жиын барысында студенттер мамандарға сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

      Бөлісу: