QyzPU студенттері Республика күніне орай өткен футзал чемпионатының ашылуына қатысты
-
29 қыркүйек, 2025
2025 жылғы 24 қыркүйекте Республика күніне орай Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының спорт кешенінде арнаулы және арнайы әскери оқу орындары мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында футзалдан ашық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жастар саясаты орталығының белсенді жастары да арнайы шақырылып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ашылу рәсімінде студенттер ұлттық би билеп, өнерлерін ортаға салды.
Бүгінде елімізде спорттық жарыстардың, соның ішінде футболдың маңызы артып, тартысты түрде өтуде. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мұндай бастамаларға QyzPU студенттері де белсенді түрде атсалысып келеді.
Осындай игі шаралар жастардың патриоттық рухын көтеріп қана қоймай, олардың белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашады.
Бөлісу: