Педагогтардың еңбекақысы екі есеге дейін өседі



    • Педагогтардың еңбекақысы екі есеге дейін өседі

      НҰР-СҰЛТАН. 15 ақпан. Баспасөз орталығы – Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе көтеріліп, 330 мың теңгеден асады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі.

      Бұл туралы Мәжілісте Nur Otan партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті.

      Оның айтуынша, 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 пайыз қамтылады.

      Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет Nur Otan партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының алдында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тиісті Жол картасының жобасын ұсынды.

      Жол картасы Сайлауалды бағдарламасының төрт бағыты бойынша 362 іс-шарадан тұрады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: