«Хореография» мамандығының студенттеріне арналған «Дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында кездесу өтті



    • «Хореография» мамандығының студенттеріне арналған «Дұрыс тамақтанудың маңызы» тақырыбында кездесу өтті

      2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 6В02102 – «Хореография» мамандығының 1-курс студенттері үшін Хореография және арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен танымдық кездесу өтті.

      Іс-шараның арнайы қонағы – Менталды денсаулықты дамыту орталығының диетологы Алмагүл Ержекенова. Кездесу барысында ол дұрыс тамақтанудың студенттердің физикалық және психоэмоционалдық жағдайына, еңбек қабілеттілігі мен созылмалы шаршаудың алдын алудағы рөліне тоқталды.

      Диетолог теңгерімді рацион қағидалары, дәрумендер мен микроэлементтердің маңызы, су балансын сақтау қажеттілігі туралы жан-жақты баяндап, хореограф-студенттердің жоғары физикалық жүктемелерін ескере отырып, фастфуд пен энергетикалық сусындардың зиянына ерекше назар аударды.

      Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер пайдалы сұрақтар қойып, мәзірді дұрыс құрастыру мен денсаулықты ұзақ мерзімге сақтау үшін қажетті әдеттер жайлы құнды кеңестер алды.

      Шара студенттердің кәсіби дамуы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға серпін берді.

      Бөлісу: