Саяси сауат – өркениетті қоғам кепілі



    • Саяси сауат – өркениетті қоғам кепілі

      Университетімізде Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа жолдауында айтылған парламенттік реформа аясында дөңгелек үстел өтті.

      Шараның басты мақсаты – студенттердің саяси сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділігін дамыту және жастарды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға ынталандыру.

      Жиынға Алматы қаласы Алмалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлнар Ниязова және комиссия хатшысы Аяулы Камалбекова арнайы шақырылды. Олар жастарға сайлау жүйесі, референдум өткізу тәртібі және әрбір азаматтың демократиялық құқықтары туралы жан-жақты түсінік берді.

      Дөңгелек үстелден кейін университеттің «Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы» дебат клубының пікірсайысшылары Мемлекет басшысының бастамаларына байланысты қызықты әрі мазмұнды дебат өткізді. 

      Студенттер парламенттік реформаның маңызы, демократиялық құндылықтарды нығайту және жастардың саяси процестерге қатысуының қажеттілігі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

      Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге, демократиялық құндылықтарды насихаттауға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

      Бөлісу: