QyzPU-да фаундейшн бағдарламасы әзірленуде



    • QyzPU-да фаундейшн бағдарламасы әзірленуде

      QyzPU халықаралық білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болу мақсатында шетелдік талапкерлерге арналған жаңа фаундейшн бағдарламасының тұжырымдамасын ұсынды.

      Бағдарламаның негізгі мақсаты – университетке дейінгі сапалы дайындық жүйесін қалыптастыру. Ол шетелдік талапкерлерге оқыту тілдерін (ағылшын және қажетіне қарай қазақ немесе орыс тілін) меңгеруге, болашақ мамандықтарына сәйкес STEM саласында базалық білім алуға, академиялық дағдыларды (оқу, зерттеу, soft skills) дамытуға, QyzPU-ға жақсы бейімделуге мүмкіндік береді.

      Бағдарламаның негізгі бағыттары:

      1. Тілдік дайындық – академиялық ағылшын (EAP), қазақ/орыс тілі деңгейлік топтарда.

      2. STEM-блок – математика, физика, химия, биология, информатика пәндері (бейініне қарай).

      3. Академиялық дағдылар – ғылыми жазу, зерттеу әдістемесі, уақытты басқару.

      4. Soft skills – коммуникация, көшбасшылық, топта жұмыс жасау.

      5. Мәдени бейімделу – қазақстандық білім беру жүйесімен танысу, менторлық қолдау.

      6. Бағалау және икемділік – қабылдау кезінде диагностикалық тестілер өткізіледі. Бағдарлама интенсивті немесе қысқартылған үлгіде бейімделуі мүмкін.

      Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері: сұранысты зерттеу және benchmarking (NU, ҚазҰПУ, ҚазҰУ тәжірибесі), оқу жоспарын қалыптастыру (EAP, тілдік дайындық, STEM, soft skills), тәжірибелі оқытушыларды тарту (EAP, STEM, академиялық дағдылар), оқу-әдістемелік база құру (оқу материалдары, тілдік зертханалар, e-learning платформасы, менторлық жүйе), пилоттық топ (20–30 студент) қабылдап, мониторинг жүргізу, халықаралық аккредитациядан өту (мысалы, BALEAP), нәтижелерге қарай бағдарламаны жетілдіру және кеңейту.

      Жаңа бастама QyzPU-дың халықаралық мәртебесін арттыруға және шетелдік жастарға қазақстандық білім беру жүйесіне сенімді қадам басуға жол ашады.

      Бөлісу: