“Speaking Club” тегін курсы басталды
-
26 қыркүйек, 2025
Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы студенттердің тілдік қабілеттерін дамытуға бағытталған “Speaking Club” тегін курсын іске қосты.
Жобаның негізгі мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру және заманауи тілдік ортада сенімді қарым-қатынас жасауына жағдай жасау.
Курс аясында қатысушылар өзекті тақырыптарда пікір алмасып, топтық ойындар мен талқылауларға қатысады, рөлдік жаттығулар орындап, достық әрі еркін атмосферада тілдік тәжірибесін жетілдіреді.
Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп, IV-мақсат – «Сапалы білім» бағыты бойынша жүзеге асырылып отыр. Жоба студенттердің білім сапасын арттыруға, тілдік құзыреттілігін дамытуға, кәсіби және тұлғалық өсуіне қолдау көрсетуді көздейді.
“Speaking Club” әр жұма күні сағат 10:00–11:00 аралығында, Business Hub-та өтіп, 17 қазанға дейін жалғасады.
Оқытушылар:
- Amy Muñoz-Urao – тіл тәлімгері (Филиппин).
- Jenena Flores – тіл тәлімгері (Филиппин).
- Charlie Mae Manaligod – тіл тәлімгері (Филиппин).
Бөлісу: