«Ерте модерннің ұзақ көлеңкесі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты циклдық лекциялар аяқталды



    • «Ерте модерннің ұзақ көлеңкесі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты циклдық лекциялар аяқталды

      2025 жылғы 22–26 қыркүйек аралығында QyzPU-да Qazaq Ballet Creative Lab (QB CL) халықаралық білім беру жобасы аясында «Ерте модерннің ұзақ көлеңкесі: Фуллер, Дягилев, Грэм» атты дәрістер топтамасы өтті.

      Жобаның басты спикері – Оксфорд университетінің тарих факультетінің докторанты, би, дене мәдениеті мен мәдени саясат зерттеушісі Линда Квиткина болды. Іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хореография және арт-менеджмент кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

      Квиткина 2013 жылдан бері мәдени саясат пен дене мәдениетінің өзара байланысын зерттеп келеді. Ол бұған дейін Арменияда, Ұлыбританияда, Қазақстанда, Ресейде және Жапонияда ғылыми баяндамалар жасап, заманауи би, гендерлік мәселелер мен перформанс тарихына арналған лекциялар мен семинарлар өткізген.

      Дәрістер бағдарламасы үш бағытты қамтыды:

      «Лои Фуллер. Сахналық би үшін костюм және технологиялар» – сахна биінің жаңашылығына айналған Фуллердің шығармашылығы мен костюмнің би эстетикасындағы рөліне арналды.

      «Қоғамды дүр сілкіндіру: Дягилевтің Орыс маусымдары» – ХХ ғасырдың басындағы модерн хореографиясы, саяси және мәдени контекст, Михаил Фокин мен Нижинскийлердің шығармашылығына шолу жасалды.

      «Қозғалыс ешқашан өтірік айтпайды: Марта Грэм техникасы» – америкалық заманауи бидің негізін қалаушылардың бірі М. Грэмнің би тілі мен эмоцияны жеткізу тәсіліне арналды.

      Лекцияларға университет студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ тәуелсіз зерттеушілер қатысты. Қатысушылар хореография өнері жайлы білімдерін тереңдетіп, заманауи бидің даму болашағын талқылады.

      Бөлісу: