«Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті



    • «Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы» тақырыбында мотивациялық кездесу өтті

      Тұлға қалыптастыру департаменті, Қыздар көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығы «Тұлғалық даму және көшбасшылық: жетістік формуласы» тақырыбында мотивациялық кездесу ұйымдастырды.

      Шараның арнайы спикері – PR & Media продюсері, artgala.kz платформасының негізін қалаушы Диана Бақытбергеновна Бакбергенова болды. Ол студенттерге көшбасшылық дағдыларды дамыту, өзін-өзі таныту және кәсіби ортада табысқа жетудің тиімді жолдары туралы тәжірибесімен бөлісті.

      Кездесу интерактивті форматта өтіп, білім алушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты. Әртүрлі факультеттерден қатысқан студенттер жаңа идеялар мен практикалық кеңестер алып, өз кәсіби мақсаттарына жетуге ерекше мотивация алды.

      Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының IV бағыты – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылды.

       

      Бөлісу: