QyzPU колледжінде «Тілдер әлемі» танымдық фестивалі өтті



    • QyzPU колледжінде «Тілдер әлемі» танымдық фестивалі өтті

      QyzPU Кәсіби білім беру колледжінде көпұлтты достық пен ынтымақтасты дәріптейтін «Тілдер әлемі» танымдық фестивалі өтті. Колледж директоры Ақбөпе Карабаева қатысушыларды құттықтап, оқытушылар мен 1 курс студенттеріне табыс тіледі.

      Фестиваль барысында «Ұлттық бұрыштар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, студенттер әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырды. Олар түрлі тілдерде ән айтып, би билеп, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ сахналық қойылымдар қойылып, танымдық ойын – «Тілдік мозайка» ұйымдастырылды. Белсенді қатысқан білім алушылар марапатталды.

      Бұл шара мемлекеттік тілге құрметпен қарауды насихаттап қана қоймай, өзге ұлттардың тілін, мәдениетін бағалаудың маңыздылығын көрсетті.

      «Тілдер әлемі» фестивалі студенттерге бірлік пен достықтың құндылығын тағы да сезіндіріп, болашаққа сеніммен қарауға жігер берді.

      Бөлісу: